Войти через

  • 2°C

Суббота, 27 апреля

Әскери институтта суицидті алдын алу іс-шаралары өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Қарулы Күштерінде суицидті алдын алудың онкүндігі басталды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Шаралар жеке және отбасы шиеленістерін ескерту, әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту және өзіне-өзі қол жұмсау көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында ұйымдастырылды.

«Әр адам өз өміріне ғана емес, жанында жүрген адамның өмірі үшін де жауапты. Оларға көмектесу әркімнің қолынан келеді. Жаныңызда жүрген адам туралы біліміңіз, оны тануға деген ұмытылысыңыз оның өмірін құтқарып қалуы мүмкін. Оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысындағы өзгерістерден, суицидтік қорқытуларынан қауіптің белгісін байқауға болады, - деді Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының аға тергеушісі әділет майоры Рустам Курбанов Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының тұрақты және ауыспалы құрамымен кездесу барысында.  

Адамның көңіл хошын көтеру, суицидтік қауіптің алдын алуда білікті мамандар сенімді көмек көрсете алады. Сол себепті әскери институттың психология қызметінің психологтары  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтсақ, әскери оқу орнындағы әскери қызметшілер және курсанттармен өзіне деген сенімділікті арттырып, күйзелістен арылту, әскери ұжымның ауызбіршілігін нығайту бойынша психологиялық тренингтер, өзін-өзі бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық сабақтар ұйымдастырып, тиісті мамандарды шақырып, кездесу, лекция-семинарлар өткізді. Өз саласының білікті мамандары әскери қызметшілерге әлемде және елімізде орын алған жайттардан, оқиғалардан мысал келтіре отырып, толық ақпарат берді.

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать