Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Талғар ауданының әкімі тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі болып Серікжан Ерекешев тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Серікжан Қазиұлы 47 жаста. Алматыдағы индустриалдық техникумды «техник-механик» мамандығы бойынша, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша және Нархоз Университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Бағалы қағазды тіркеу системасы» жабық акционерлік қоғамының тізімдерді жүргізу қызметінің жетекші маманы ретінде бастаған. Көп жылдар бойы Маңғыстау облысындағы «Бейнеу жолдары» ЖШҚ құрылыс кешенінде механик, бас механик, атқарушы директор болып жұмыс істеген.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі болған.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Это может Вас заинтересовать