Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Талдықорған қаласы туралы жаңа кітап шықты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Талдықорған - сүйікті қалам!» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл кітап Талдықорған қаласы​ әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Тарихы терең Талдықорған», «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті Талдықорған», «Тарихымен тағдырлас - Талдықорған» кітаптарының​ жалғасы болып табылады.

«Талдықорған - сүйікті қалам!»​ кітабының​ тұсаукесерін Талдықорған қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажан, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков, Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Жексембай Мейрембаев және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова Аманбайқызы атқарды.

Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінен кейін қалалық жалпы білім беру мекемелерінің және балабақша басшыларын ​ Талдықорған қаласы аумағында көрсетілген қайырымдылық істер мен игі шараларға ат салысып, денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті құрылғыларды алуда қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі еңбектері үшін Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Талдықорған - сүйікті қалам!» жаңа кітабімен ​ марапаттады. Мерекелік шара соңы «Талдықоған әуендері» халықтық, фольклорлық – этнографиялық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен ​ өз жалғасын тапты.

Это может Вас заинтересовать