Войти через

  • 11°C

Воскресенье, 28 апреля

“Тегін тасымалдаймыз”! Көлікті азаматтар жарады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ел үшін елеулі сәтте алакөлдік көлікті азаматтар да өз белсенділіктерін көрсетуде. Ауа райының жаңбырлы болуына байланысты бірнеше ауылдарда “Тегін тасымалдау” ісі қолға алынды, tinfo.kz хабарлайды

Бұл бастаманы алғашқы болып нәпақасын көлігімен тауып жүрген такси қызметіндегілер бастады. Игілікті істі өзге де көлікті азаматтар жалғастырып, аудан көлеміне тез тарап жатыр.

Таң рауанымен сайлау учаскелеріне асыққа жұрттың екпіні жақсы. Барлығы да елдің ертеңі үшін таңдау жасауға асығуда. Көбінің жеке көлігі, темір тұлпарлы ағайыны бар болғандықтан дауыс беруге бару машақаты олар үшін ауыр емес. Алайда ауылды жерлердегі кей ағайынның денсаулығына яки материалдық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне баруға мүмкіндігі болмай жатады. Бұл ретте берекелі өңірдің бірлік құмар жұртшылығы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ерекше белсенділік көрсетуде. Көп ауылдарда “Сайлауға тегін” акциясы белең алуда.

Аталған қызмет түрі Алакөл ауданының Әлемді, Бұдыр елді мекендерінен Көлбай ауылындағы сайлау учаскесіне, Жамбыл елді мекенінен Қабанбай ауылындағы №76 сайлау учаскесіне, Қаратұма ауылынан Бұлақты ауылындағы №62 сайлау учаскесіне, Достық ауылының 7-8,10 шағын аудандарынан № 1049 сайлау учаскесіне және Үшарал қаласының МТФ – 3 елді мекені, 20-60 пәтерлі тұрғын үйлерден тағы да басқа учаскелерге қатынайтын тұрғындарды тасымалдайды. 

Айта кетсек, Алакөл ауданында 24 ауылдық округ, 56 елді мекен бар. Онда халықтың саны 73 мыңға жуық болса, сайлаушылар 44696 адамды құрайды. Алакөл ауданында 54 сайлау учаскесі бар. Оның 5-еуі жабық (40398 әскери бөлімі және ҚР ҰҚК шекара қызметінің заставалары), 49 ашық форматта қызмет етуде.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ, Алакөл ауданы, Жетісу облысы.

Это может Вас заинтересовать