Войти через

  • 7°C

Понедельник, 29 апреля

Текелі Абайды таныған қала

TINFO
TINFO
Служба новостей

Текелі қаласының №4 орта мектебінде ұлы Хәкiм Абайдың 175 жылдығына арналған "Менiң Абайым" атты ғылыми-танымдық кеш ұйымдастырылды деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ғылыми-танымдық кеш барысында, оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарымен таныстыра отырып, Абайдың балалық шағынан үзiндi көрiнic қойып, Ұлы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, әлемге әйгілі 45 қара сөздерін оқыды.

“Сонымен қатар күйлері де орындалып, бастауыш сынып оқушылары Абай атамыздың өнегелі өміріне шолу жасады. Ұлы ойшыл өзінің шығармаларында адамгершілік, имандылық тәрбиесіне, оқу –білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп көңіл бөлген”, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Это может Вас заинтересовать