Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Тоқаев әкімдер мен министрлер жұмысына шағымын айтты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен министрлерге халықпен байланыс орнатудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда», - деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы кезде мемлекеттік органдар коронавирус індетіне қарсы шараларды босаңсытып жіберді.

«Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы», - деп атап өтті Тоқаев.

Это может Вас заинтересовать