Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Тоқаев коронавирусқа қатысты ақпараттық жұмысты сынады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қатысты жүргізілген ақпараттық жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Это может Вас заинтересовать