Войти через

  • 2°C

Суббота, 27 апреля

Жоспарлы жұмыс қана өрге сүйрейді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Константин Нестеров, Дамир Дигай, Данияр Әлімбаев және Жанна Телпекбаева «ТАТЭК» АҚ ұжымымен онлайн форматта жолықты.

Ұжымда кездесу өткізудің өз себебі бар. «Халықтың жайын білмек болсаң, ортасына түсіп көр» деген. Шынын да солай, олардың жайын білмек керек болғанда, арасына бару керек. Олардың үнін мінберде емес, ортасында тыңдау қажет. Міне, үміткерлер еңбек ұжымын тыңдау үшін «ТАТЭК» АҚ-да кездесу өткізді.

- «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Оған анық көзім жетті. Елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтаралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек нәзікжандылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы халық көңілінен шығып, артылған сенімді ақтауды көздейді. Міне, сондықтан халықтық партияға дауыс беруге шақырамын, - деді Ж.Телпекбаева.

- Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған, - деді Д.Дигай.

Кездесу барысында үміткерлер партияның атқарған шаруаларын жіпке тізгендей баяндап, алға қойған нық мақсаттарымен бөлісті. Сондай-ақ, 10 қаңтарда жарқын болашақ үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать