Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы жастардың басындағы ең басты проблемаларды шешу жолдарымен бөлісті

Служба новостей

Жастардың мойнындағы несиелер мен қарыздар, жастардың арасында есірткі заттарының тез тарауы, құмар ойындарға қызығуы және тағы басқа өзекті мәселелерді  Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев баспасөз-маслихатында атап өтті.

Бүгінгі таңда жастардың өмір сапасын жақсарту мен оларды еңбекке баулу жолында түрлі қиындықтар кездесіп жататыны жасырын емес. Заманның жағымсыз ағымында әсіресе NEET – жастар (білім жоқ жастар индексі, кәсіби білімсіз)  түсіп жатады.  Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 280 017. Статистикаға сүйенсек, NEET – жастардың саны – 17 520 жасты құрайды.

Алдағы уақытта жастарға бағытталған біршама жобалар ұйымдастырылып және проблемалар шешімін табады деп жоспарлануда.

«2023-2028 жылдар аралығында жастар арасында жұмысты жандандыру мақсатында  «Жайдарман облыс әкімінің» кубогі, пікір сайыс ойындары, «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасы, «Алатау жастары» волонтерлер сыйлығы, «Жыл үздігі – 2022» аудан, қала әкімдерінің сыйлығы, «Көшбасшы — 2022» Алматы облысының әкімінің сыйлығы жобалары өтеді»,- деді Мақсат Кенешев.

Одан бөлек жастар ресурстық орталығының басшысы жастардың төмендегідей мәселелерін шешу жолдарын да атап өтті:

  1. Жастардың арасындағы жұмыссыздық
  2. Жастардың дұрыс мамандық таңдамауы
  3. Ауыл жастарының шетте қалуы, қажетті ақпараттың жетпеуі
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақы мөлшерінің аздығы
  5. Жас отбасылар мен жас мамандар үшін тұрғын үйдің қол жетімсіздігі –
  6. Жас кәсіпкерлерге арналған, бизнес бастауға қажетті үстем ақының қол жетімсіздігі
  7. Жастардың арасындағы онлайн казинолар мен құмар ойын сайттарының ашық жарнама жасалуы
  8. Жастардың мойнындағы несиелер мен қарыздардың көптігі, онлайн несиелердің пайызы екі есе болуы
  9. Жастардың арасында есірткі заттарының тез тарауы, олардың жарнамасының көптігі, әлеуметтік желілерде кең таралуы.