Алматы облысында 14 адам коронавирус жұқтырды

Служба новостей

Өткен тәулікте Алматы облысында 14 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. 

Өсім 2,4% құрады. Жалпы өңірде коронавируспен ауырғандар саны 597-ге жетті.

Ал Қазақстан бойынша өткен тәулікте 499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,8% құрады.

Аймақтар бойынша:

Шымкент қаласы — 61 (4,7%)

Нұр-Сұлтан қаласы — 59 (1,8%)

Қарағанды облысы — 53 (2,8%)

Алматы қаласы — 39 (1,2%)

Атырау облысы — 35 (2,4%)

Қостанай облысы — 33 (10,2%)

Шығыс Қазақстан облысы — 31 (7,2%)

Батыс Қазақстан облысы — 29 (2,5%)

Ақтөбе облысы — 25 (4,0%)

Түркістан облысы — 22 (3,7%)

Солтүстік Қазақстан облысы — 21 (9,3%)

Ақмола облысы — 21 (6,4%)

Павлодар облысы — 21 (4,2%)

Қызылорда облысы — 17 (3,1%)

Жамбыл облысы -16 (2,7%)

Алматы облысы — 14 (2,4%)

Маңғыстау облысы — 2 (0,5%)

Өткен тәулікте 261 адам емделіп шықты. 7 адам қайтыс болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 18231, емделіп шыққандар — 11158, кайтыс болғандар — 127.