Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды

Служба новостей

Өткен тәулікте Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды. Оның 56-сы симптомсыз жағдай, деп хабарлайды Tinfo.kz. 

Осылайша өңірде коронавируспен ауырғандар саны 3880-ге жетті. Жазылғандар саны – 2881.

Қазақстан бойынша: өткен тәулікте 1687 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оның ішінде 776 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы — 175 / 98

Алматы қаласы — 247 / 113

Шымкент қаласы — 22 / 6

Ақмола облысы — 49 / 23

Ақтөбе облысы — 32 / 11

Алматы облысы — 78 / 56

Атырау облысы — 180 / 119

Шығыс Қазақстан облысы — 216 / 88

Жамбыл облысы — 75 / 53

Батыс Қазақстан облысы — 89 / 47

Қарағанды облысы — 140 / 56

Қостанай облысы — 54 / 20

Қызылорда облысы — 85 / 26

Маңғыстау облысы — 75 / 36

Павлодар облысы — 61 / 11

Солтүстік Қазақстан облысы — 89 / 6

Түркістан облысы — 20 / 7

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 78486.