Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2691-ге жетті

Служба новостей

Алматы облысында өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 51 жағдай тіркелді. Оның 40-ы симптомсыз жағдай, деп хабарлайды  Tinfo.kz.

Бүгінгі таңда ауырғандардың жалпы саны 2691-ге жетті. Жазылғандар саны – 610.

Қазақстанда өткен тәулікте 1109 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оның ішінде 649 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы — 95 / 42

Алматы қаласы — 157 / 41

Шымкент қаласы — 39 / 32

Ақмола облысы — 32 / 25

Ақтөбе облысы — 86 / 59

Алматы облысы — 51 / 40

Атырау облысы — 101 / 94

Шығыс Қазақстан облысы — 62 / 30

Жамбыл облысы — 59 / 32

Батыс Қазақстан облысы — 128 / 102

Қарағанды облысы — 93 / 52

Қостанай облысы — 63 / 22

Қызылорда облысы — 7 / 5

Маңғыстау облысы — 13 / 13

Павлодар облысы — 52 / 34

Солтүстік Қазақстан облысы — 19 / 7

Түркістан облысы — 52 / 19

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 49683.