Алматы облысында мыңға жуық жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тұрған

Служба новостей

Алматы облысында осы уақытқа дейін,  жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың қоғамдық жұмысқа тарту, белсенділіктерін арттыру мақсатында 1 облыстық 9 аудандық жастар ресурстық орталықтары жұмыс атқаруда.

Штаттық режим бойынша облыстық жастар ресурстық орталығында 24 ал, аудандық жастар ресурстық орталықтарында 45 маман қызмет атқаруда. Облыс орталығында жастармен жұмысты жүргізу үшін арнайы 4 бөлім қызмет атқарады, олар: «Ұйымдастырушылық бөлімі», «Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобымен жұмыс бөлімі», «Аймақтар бөлімі» және «Ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу бөлімі».

Облыс көлемінде салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды мәдени, азаматтық және  рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, отбасылық құндылықтарды дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды этносаралық келісімді нығайтуға байланысты жыл басынан бері 65 000 жастың қатысуымен 3000 шара өткізілді.

Жастардың арасында ерте жүктілік, ажырасудың алдын алу, некеге тұрған жастар, репродуктивтік денсаулық, интернетке тәуелділіктің алдын алу, жастар арасында суицидті болдырмау мақсатында облыс көлемінде 10 психолог маманнан тұратын «Бақыт клубы» жұмыс атқарады. «Бақыт клубы» жыл басынан бері 150 ге жуық 5000 жасты қамтитын шара ұйымдастырылды.

Жастарды еңбекпен қамту бойынша  жұмыстар да жүргізілуде. Соның бірі «Жасыл ел» жастар  еңбек жасақшыларының маусымдық жұмысы. Биылғы жыл соңына дйін 1000 жас жұмыспен қамтылуда.

Жыл басынан бері жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизне бастау», стартап жобалар байқауы және  Zhas Project жобалары аясында 427  жоба ұтып алып өз кәсіптерін бастауда.

Облыс бойынша 9 айлық көрсеткішке сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жастар арасында жүзеге асу қорытындысы:

  • «Дипломмен аулыға» бағдарламасы бойынша: 546 жас;
  • «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша: 998 жас;
  • «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша: 455 жас;
  • «Қоғамдық жұмыс орындары» бағдарламасы: 797 жас;
  • «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы бойынша: 149 жас.