Алматы облысында үшем дүниеге келді

Служба новостей

Алматы облысының Ескелді ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Tinfo.kz. 33 жастағы ана үш ұлды дүниеге әкелді.

Балалардың анасы — Маржан Имангабулова Алдабергенов ауылындағы мектепте ағылшын тілінен сабақ береді.

Әзірге үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз. Олар дәрігерлердің бақылауында.

Отбасының бұрыннан 2 баласы бар.

Фото: Интернет.