Алматы облысында өткен тәулікте 19 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясына қатысты 19 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Өсім 2,7% құрады. Бүгінгі таңда өңірде ауырғандар саны 720-ға жетті.
Қазақстанда өткен тәулікте 492 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,3% құрады.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы — 59 (1,6%)
Нұр Сұлтан қаласы — 57 (1,5%)
Шығыс Қазақстан облысы — 51 (6,9%)
Қарағанды облысы — 49 (2,2%)
Шымкент қаласы — 38 (2,4%)
Ақтөбе облысы — 34 (4,1%)
Батыс Қазақстан облысы — 31 (2,2%)
Павлодар облысы — 31 (4,4%)
Қостанай облысы — 27 (5,7%)
Атырау облысы — 23 (1,4%)
Солтүстік Қазақстан облысы — 22 (5,8%)
Алматы облысы — 19 (2,7%)
Түркістан облысы — 14 (1,7%)
Қызылорда облысы — 11 (1,7%)
Ақмола облысы — 10 (2,1%)
Жамбыл облысы — 10 (1,5%)
Маңғыстау облысы — 6 (1,3%)
75 адам емделіп шықты. 10 адам қайтыс болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 21819, емделіп шыққандар — 13008, кайтыс болғандар — 188.