Cайлауға түс, кәсіпкер! Алматы облысының Өңірлік кеңесіне сайлау басталады

Служба новостей

Құрметті кәсіпкер! Егер Сіз «Атамекен» Өңірлік кеңесінің мүшесі атанғыңыз келссе, онда сайлау додасына қатысыңыз!

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн түрінде Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына Талдықорған қ., 8 ы/а Астана д-лы 2 А, Көрме кешенінің ғимараты мекенжайы бойынша немесе онлайн нысанда https://vote.atameken.kz/ сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
  • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • өңірде жария тұлға болу;
  • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
  • бизнесінің тарихы оң болуы;
  • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат https://vote.atameken.kz/ сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады. Және Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады: +7 771 554 8858, +7 7282 401 282