“Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы” кітабы шықты

Служба новостей

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облысында “Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы” атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Туынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және аймақ басшысы Амандық Баталовтың қолдауымен шыққан. 

Ұлы Отан соғысы жайында баяндалатын тың туындының авторлары — белгілі журналист, жазушы Қажет Андас және Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Райхан Қапышқызы.

«Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы» деп аталатын кітапқа қазірден сұраныс көп. Ең алғаш аталмыш кітапқа қызығушылық танытқан — ардагерлер қауымы болды.

“Бұл кітаптың тұсауын Жеңіс күніне қарсы салтанатты түрде кесеміз деп жоспарлаған болатынбыз, мына індеттің өршуіне байланысты, кейінге маусым айына қалдырылған, ол да болмады. Ардагерлерімізден осы кітапқа сұраныс болып жатқандықтан, бүгін облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының басшыларына апарып, табыстадым. Бұл кітапты біраз уақыттан кейін облысымыздағы барлық кітапханалардан алып, танысуға болады”, — деді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев Алматы облыстық және Талдықорған қалалық Ардагерлер үйінің басшыларына табыстау рәсімінде.

Жақын арада «Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы» атты тың туынды кітапхана сөрелерін толықтырып, сүйікті оқырмандарымызға жол тартатын болады.