Облыс әкімінің сыйлығымен кімдер марапатталды
Өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген өңір жастарына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Көшбасшы – 2019» жастар сыйлығын табыстады, деп хабарлайды TINFO.KZ. Марапаттау Талдықорған қаласындағы «Көктем Гранд» кешенінде өтті.
2019 жылдың үздіктері:
- «Үздік жас мемлекеттік қызметші» — Чепель Владимир Сергеевич (Ақсу ауданы);
- «Үздік жас спортшы» — Акбаева Баян Мұсағалиқызы (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы — Қалибек Әсем Абайқызы (Талдықорған қаласы);
- «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» — Ілебаев Айбек Қасымханұлы (Еңбекшіқазақ ауданы);
- «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» — Бекмырза Ержан Ердосұлы (Панфилов ауданы);
- «Үздік студент» — Есімжанқызы Еркежан (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас әскери — қызметкер» — Әлібаев Бауыржан (Алакөл ауданы);
- «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы — Тохтажынов Ерсұлтан Ержанұлы (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас ғалым» — Қалдарбекұлы Өмірұзақ (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас отбасы» — Абишовтар отбасы (Кеген ауданы);
- «Үздік жас кәсіпкер» — Есеншораева Әдемі Ұланқызы (Балқаш ауданы);
- «Үздік жас батыр» — Рыйзабеков Алмас Ермекұлы (Ескелді ауданы);
- «Үздік жас әдебиетші» — Мұхтар Күмісбек (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас ерікті» — Дакубаева Жазель Серікқызы (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас өнерпаз» — Мадиев Асхат Талғатұлы (Талдықорған қаласы);
- «Үздік жас дәрігер» — Нурмадиев Дархан Серикжанович (Ескелді ауданы);
- «Үздік жас ұстаз» — Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы (Талдықорған қаласы);
- «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы — Тұрғанбаева Зере Айбынқызы (Талдықорған қаласы);
- Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы — Бақыткелдіұлы Бақтияр (Кеген ауданы);
- «Үздік жас журналист» — Әнербай Мәулен Даниярұлы (Талдықорған қаласы).