«Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ» атты флешмоб өткізілді

Служба новостей

Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округінде Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ» атты флешмоб өткізілді, tinfo.kz хабарлайды

Әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл  парасаты  мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның  қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс  күйі, сыбызғы сырнайының  үні,  асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары   мақал-мәтел,  шешендік  сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы  өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Флешмобқа колледж білімгерлері қатысып, бір ырғақта көрініс көрсетті.