САБАНТУЙ – 2025 ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТТІ!
14 маусым күні Талдықорған қаласының Орталық жағажайында ұлттық рухқа, шаттыққа және татулыққа толы Сабантой мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Бұл — көктемгі егін науқанының аяқталуын тойлайтын татар халқының ежелгі әрі қуанышты мерекесі.
Мереке — түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, дәстүр мен еңбекті ұлықтайтын нағыз халықтық шараға айналды.
Бағдарламада: — Көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық ойындар — Жастан кәріге дейін қызыға қатысқан жарыстар: қаппен күрес, арқан тартыс, бағанға өрмелеу, катык ішу жарысы және тағы басқалар — Балаларға арналған қызықты конкурстар — Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі — Креативті концерт пен көңілді би, ән-күй
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал келген қонақтар татар қонақжайлылығын толық сезінді!
Сабантой — халықтың бірлігі мен достығының жарқын көрінісі болды!