Сайлау арқылы – саяси жүйені қайта жандандырамыз
Барлықтарыңызға мәлім болғандай 21 қыркүйек күні мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев 20 қараша күнге кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Маңызды саяси науқан – елімізді жаңа Қазақстанды дамыту бағытындағы игі қадамдардың бірі болмақ, tinfo.kz хабарлайды
Референдум өтті, еліміздің жаңа саяси бағдары анықталды, ендігі кезек мемлекет тізгінін ұстайтын азаматқа халықтың сенім мандаты қажет және бұл уақыттың өзі талап етіп отырғандай. Президентті бір мерзімге сайлау – жаңа демократиялық механизм болмақ. Сайлаушыларымызда бұл науқанда белсенділік танытып, мүмкіндігінше елімізде болып жатқан бастамаларға қолдауларын көрсетуі қажет деп есептеймін және осы Сайлау арқылы – саяси жүйені қайта жандандырамыз!
Секенбай Шенгелбаев – Жетісу облыстық мәслихат депутаты