Талдықорған қалалық сотының барлық қызметкері карантинге жіберілді

Служба новостей

Талдықорған қалалық сотының ғимаратында шілде айының 17-і мен 31-і аралығында карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Осыған байланысты Талдықорған қалалық сотының барлық қызметкерлері он бес күндік үй карантиніне оқшауланады.

«Бұл ретте сот жұмысының қызметі дәл осындай уақыт кезеңіне уақытша тоқтатылады. Істерді қарау неғұрлым кейінгі уақытқа қалдырылды, тараптарға сот жұмысының басталғаны және істерді қарауды қайта бастау туралы қосымша хабарланады. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері COVID-19 короновирусты инфекцияның таралуы жөніндегі жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», -делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.