Жастар орталығында «Жетісу — адалдық алаңының» кеңсесі ашылды

Служба новостей

Алматы облыстық Жастар орталығында «Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары, «Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсе кураторы Батыржан Байжұманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысты.

Осыған дейін барлық аудан орталықтары мен ауылдық округтерінде жобалық кеңсе ашылып, жауапты маман бекітілген.

«Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсе ашудағы басты мақсатымыз, азаматтарымызға қолайлы жағдай туғызу және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде», — деп атап өтті департамент басшысы Данияр Тұрғанбаев.

Фото: «Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі.