Жетісулықтар Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесін жеңіп алды
Алматы облысының төрт спортшысы Ж.Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды TINFO.KZ.
Айта кетейік, ШҚО Семей қаласында 5-8 наурыз аралығында грек-рим күресінен республикалық жарыс өтті.
Оның нәтижесі бойынша жетісулық Мадияр Маулитканов «Үшкемпіров турнирінің» бірінші орнын жеңіп алды. Алматы облысының спортшылары Абай Оразалы 2-орын, Ерасыл Нұрбосынов және Ернұр Оразбаев 3-орынға иеленді.
Фото: www.instagram.com/zhetysu_jogargy_sport/