«Нұр Отан» медициналық-әлеуметтік мекеме жұмысын бақылайды

Служба новостей

Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы  Шәкәрім  көшесі  №5 үйде орналасқан.                                   

Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  стационарлық үлгідегі  әлеуметтік-медициналық  ұйымдар қызметінің  тәртібін,  өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан  1-2 топ мүгедектері    қызмет алушырдың туруына қолайлықты қамтамасыз етеді. Халықты  әлеуметтік қорғау саласында  арнаулы  әлеуметтік Cтандартына  сәйкес  қызмет көрсету шарттарының көлемі мен тәртібіне  қойылатын талаптарды  айқындай отырып , әлеуметтік қызмет түрлері  кеңінен көрсетіледі.                                                                                           

Қоғалы  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсету орталығы  2015 жылдың   желтоқсан  айында   Қоғалы  психоневрологиялық  интернат-үйі  болып  ашылды.2016 жылдың  06 тамызында  Алматы  облысы  әкімінің  № 363  қаулысына  сәйкес    Қоғалы  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталығы болып  өзгерді. 19.09.2018жылы  Әділет басқармасына тіркеуге қойылды.Бұл орталық 157 орынға  арналған.  Кәзіргі  уақытта  орталықта  155 қызмет  алушы тұрады.  Қызмет алушылардың жынысы мен жас құрамы бойынша —  100 ер, 55 әйел.

Осы орайда, Қоғалы ауылдық округі әкім аппараты бойынша «Нұр Отан» партиясының атқарушы өкілі     Ермұханбет Алмас Нурғалиулы және Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Нұр Отан» қоғамының төрайымы Кулмурзина Аиля Адильхановна мекемеде бірігіп, қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік  жағдайын жасау, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы қызметтердің орындалуын қадағалап, бақылайды.

«Нұр Отан» азаматтардың құқықтарын іске асыруды бірінші орынға қоятын, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде күшті тиімді мемлекетті қолдайды. «Нұр Отан» Қазақстанның әрбір өкілі жеке тұлға және толық құқылы азамат ретінде бірдей бағаланатын Қазақстан халқының мызғымайтын бірлігін қолдайды.

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі