«МӘМ» қамқоршылары мен қызметкерлері COVID-19-ға тексерілді
Биылғы 2020 жыл еліміз үшін өте қиын жыл болды. Олай деуіміздің себебі Қытай Халық Республикасынан шыққан COVID-19 пандемиясы барлық әлемді шарлады. Қазақстанда 16-наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланды. Пандемияға байланысты іс-шаралар қолданды.
1.Үнемі бетперде кию
2.Ара-қашықтықты сақтау
3.Әрдайым антисептик қолдану жайлы атап айтқанда мемлекетіміздің бас санитарлық дәрігердің алгоритіміне сәйкес қызмет атқарудамыз.
Төтенше жағдайға байланысты «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» 80% қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауға көшті. Орталықта 10 күндік кезекшілік жұмыс режиміне ауыстырылды. Төтенше жағдайға байланысты қызмет алушылардың ата-аналары, туыстарының келуіне уақытша тыйым салынды. Туған-туыстарымен онлайн режимінде байланысқа шықты. COVID-19 пандемиясына байланысты 29.04.2020 жылы 121 қызметкер жәнеде 157 қызмет алушылар тест тапсырды. Тапсырған тест нәтижесі 5 жұмыс күн аралығында дайын болып, теріс нәтижесін көрсетті.
Біз «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері осы COVID-19 пандемиясына қарсы вакцина шығатынына сенімдіміз. Қиындықты міндетті түрде жеңеміз.
Біз біргеміз!
Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы