Ауыл футболына жаңа тыныс

Служба новостей

Төрткүл әлем көз тіккен футбол ойынының сиқыры адамзат баласын күн өткен сайын таңдандыруда. Өзге мемлекеттерде де осы спорт түріне көп көңіл бөлініп, оны дамыту жолдары жүзеге асырылып жатыр. Біздің де өңірімізде арнайы бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобалардың бірқатары спорт саласымен тікелей байланысты.
Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірқатар спорт нысандары қайта жөндеуден өтіп, жаңа спорттық алаңдар халық игілігіне қолданысқа беріліп жатыр.
Сондай нысандардың бірі Рудничный ауылдық округінде ашылды.
Ашылу салтанатына Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Б.Тұғылбаев пен ауылдық округі әкімі С.Вишняков қатысып, бүлдіршіндерге құттықтау тілектерін жеткізді.
Шара барысында жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, қатысушы командаларға шағын сыйлықтар тарту етілді.
Аталмыш бағдарлама шеңберінде салынған нысан ауыл футболының дамуына жаңа серпін сыйлары сөзсіз.
«Денсаулық — зор байлық» демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік.