Келелі істер сөз болды

Служба новостей
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Жанна Телпекбаева және Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жамал Нұрлыбаева «Көкбазар» сауда үйінде үгіт жұмыстарын жүргізді. Қос тұлға халық көкейіндегі бар сауалына жауап берді.
«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарынан емес, қалай басталғанына назар аудару керек» деген. Үміткерлер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Әрине, кешегі күн тарих болғанымен, тарихтың маңызын ондағы нақ шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы ел айқындағандай халықтық партия. Одан бөлек нақ істердің партияы деген атауы да бар. Бұл атаулар тегін берілген жоқ. Әр тірлігінен айқындалған атау. Мәселен, партия қай кездеде халықтың жайына болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда нұротандықтар аянып қап жатқан жоқ. Ал алда атқарар шаруаларын да қос үміткер жіпке тізгендей сауда үйіндегілерді таныстырды.
— Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді, — деді Жанна Телпекбаева.
Өңірдің сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өзегінде жүзеге аспақ. Сондай-ақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды.