«Алаяқтық әрекеттен сақтаныңыз!» атты акциясы өткізілді
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі Қоғамдық жерлерде Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Алаяқтық әрекеттен сақтаныңыз!» атты акциясы өткізілді, tinfo.kz хабарлайды
Алаяқтардың құрған тұзақтарына түскендердің қателерінен сабақ алмай, өзіміздің басымызға түскен кезде ғана бармақтарымызды тістеп отырамыз. Әр елде, әр қалада, әр ауылда да оңай жолмен алдап ақша табатын алаяқтар баршылық.
Алаяқтықтың 85%-на шамаласы қалаларда, әсіресе ірі қалаларда жасалады. Бұл көшедегі тұрақты емес саудада, әр түрлі лотереяларда көрініс табады. Бұл алаяқтықтың негізгі массасы. Бұдан сиректеу кездесетіні пәтерлермен жасалатын қылмыстар және арнайы білімді, интеллектіні қажет ететін қаржы алаяқтықтары. Көріп отырғанымыздай, алаяқ қылмыскердің тұлғасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жерде білім деңгейі төмен, жоғары, жасы кәмелетке толмаған, толған, ересек адамдар қатысуы мүмкін.
Шарада алаяқтық жөнінде ақпараттық үлестірмелі қағаздар таратылды.