Кеген ауданы тағы бір полиция пунктімен толықты

18.12.18

Общество
Служба новостей

КЕГЕН АУДАНЫ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Тасашы ауылында №2 учаскелік полиция пунктімен біріктірілген тұрғын үй ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, жаңа қоныс ауыл тұрғындары үшін ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі болып табылады.

Ресми ашылу салтанатында аудан әкімі, ауданның полиция бөлімінің бастығы мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен тәртіп сақшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ішкі істер органдарының басты міндеті қылмыстың алдын алу, ашу және тергеу екендігі атап көрсетті.
Фото: Интернет.