Панфиловта кезекті кәсіпкер бес балалы отбасыға баспана сыйлады
Қайырымды азаматтың айтуынша үйді өзінің қалаған жерінен алып берген.
Бүгінде жеке баспаналы болған Еркінтай Мұқаевтың қуанышында шек жоқ. Мешітке көмек етіп, жұмыс істейтін көп балалы әке ауласына бау-бақша отырғызып, балаларымның еркін ойнауына мүмкіндік жасаймын, — дейді. Пәтер жалдап қиналған күндеріміз бір күнгідей болмай өте шықты. Қол ұшын берген азаматқа алғысым шексіз, — деп лебізін білдірді.
Айта кету керек, бұл жыл басынан бергі Панфилов ауданындағы көп балалы отбасыларға кәсіпкерлердің сыйлаған 12 баспанасы. Сондай-ақ, Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Темірлан Бектасов көп балалы және аз қамтылған 26 отбасыға пәтер кілтін табыстаған болатын.
Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.