Бүгін облыстық студент-жастар фестивалі өтеді

29.05.19

Общество
Служба новостей
29-30 мамыр күндері Талдықорғанда «Менің Қазақстаным: студенттік көктем-2019» атты облыстық студент-жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Фестиваль мақсаты — жастардың қоғамдағы белсенділігін және мәдени әлеуетін арттыру мен дарынды студенттерге қолдау көрсету.
29 мамыр күні сағат 10.00-де Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында фестивалдің ашылу салтанаты өтеді.
Байқауда студенттер төрт бағыт бойынша бақтарын сынайды:
1. «Отаным — Атамекенім!» патриоттық әндер байқауы (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №1 бас ғимараты, 29 мамыр сағат 15.00);
2. «Ұшқыр ойлы Жетісулық жастар» атты пікір-сайыс турнирі (Жастарға қызмет көрсету орталығы, 29 мамыр сағат 15.00);
3. «Жайдарлы жастар» Жайдарман ойындары (І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің №3 оқу ғимараты, 30 мамыр сағат 14.00);
4. «Спорт – өмір көркі» тақырыбында шағын футбол (І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің стадионы, 29 мамыр сағат 14.30 ).

30 мамыр күні сағат 18.00-де «Жастар» мәдени-демалыс саябағында «Менің Қазақстаным: студенттік көктем-2019» атты облыстық студент-жастар фестивалінің Гала концерті өтеді.
Кеш қонақтары: Өмірқұл Айниязов, Ұшқын Жамалбек, Олжас Абай, Әсет Есжан, Самат Жанғазин.
Фото: Интернет, Жастар саясаты жөніндегі басқарма.