«Мерекелік» саяжайына ауыз су тартылады

31.05.19

Общество
Служба новостей
«Мерекелік» саяжайында ауыз су тарту жұмыстары үшін 100 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Талдықорған әкімдігіне сілетем жасап.
Ақпарат әкімдіктің Facebook парақшасында жарияланды.
Осыған дейін саяжайға су құбырын жүргізу бойынша наурыз-сәуір айларында жоба-сметалық құжатнама жасалған болатын.
«Бүгінгі күні «Мерекелік» саяжайында ауыз су тарту жұмыстары үшін 100 млн теңге бөлініп, мердігерді анықтау бойынша конкурс жүріп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 9 мердігер өз қызметтерін көрсету мақсатында құжаттарын өткізіп қойған. 10 маусым күні ұтып алған мердігер анықталады. Сол күннен бастап келісімшартқа қол қойылып, аталған саяжайға су тарту жұмыстары басталып кетеді», — делінген хабарламада.
Фото: www.facebook.com/TLD7282/