Жетісулық өнерпаз Испаниядағы фестивальда І орынға ие болды

03.07.19

Общество
Служба новостей

Испанияда VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Costa del Arte» шығармашылық фестивалінде Қарасай ауданынан барған өнерпаз І орынға ие болды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Karasayinfo.kz сілтеме жасап.

Байқау 30 маусымда «Вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау», «Бейнелеу өнері», «Театрлық шығармашылық» пен «Ерекше жанр» аталымдары бойынша өтті. Байқауға Қарасай ауданынан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің таланты жас өнерпазы Жанат Еркежан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Атап айтқанда, «Don’t you worry bout a thing» әнін орындаған Жанат Еркежан «Вокалдық шығармашылық» пен «Эстрадалық вокал. Соло» аталымдары бойынша І орынды иеленіп, қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін, мықтылар бас қосатын, Халықаралық байқауына жолдама ұтып алды.

Жанат осыған дейін де бірнеше мәрте халықаралық және республикалық өнер байқауларының жеңімпазы болған.

Фото: Karasayinfo.kz.