Войти через

  • 13°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында жыл басынан бері 4 мыңнан астам волонтерлік акция ұйымдастырылды

Алматы облысында жыл басынан бері 4 мыңнан астам волонтерлік акция ұйымдастырылды

02.11.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс көлемінде волонтерлік жұмысты күшейту мақсатында  «Birgemiz» волонтерлер фронт-офисі жұмыс атқаруда.  Қазіргі таңда облыс бойынша 3598 волонтер тіркелген. Волонтерлік ұйымдар саны –  36, жастар ісі жөніндегі комитет саны – 15, жастар үкіметтік емес ұйымдар саны – 17.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күнінен бастап «Күшіміз бірлікте» волонтерлік акциясы аясында 404–404 «Жедел желісі» іске қосылып, жалғызбасты, көпбалалы отбасылардан жалпы саны 181 қоңырау шалынды.

Алматы облысында жыл басынан бері 4029–дан астам волонтерлік акциясы ұйымдастырылды.

  • «Birgemiz: Ayala» бағыты бойынша 151-ден астам іс-шара үйсіз жануарларды қорғауға және көмектесуге бағытталған. Облыс көлемінде үйсіз жануарларға байланысты мәселелерді шешуге «ЗООКЛУБ» ҚҚ көмек көрсетеді.
  • «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты аясында ескерткіштерді тазалау, тарихи-мәдени объектілерді сақтау бойынша жыл басынан – 78 акция өтті.
  • «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауатылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету жөніндегі қызмет бойынша жыл басынан – 210 акция өтті. Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан және ауыл мектептеріндегі балаларға арналған ағылшын тілін оқыту мақсатында волонтерлер арқылы облыс көлемінде «Bilim way» жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында 80 волонтердің көмегімен кемінде 1 200 оқушыны қамтылды.
  • «Birgemiz: Qamqor» бағыты бойынша 2711 акция ұйымдастырылып, 10 820 аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді. Облыс көлемінде «Іле жүргеі», «Ана мен бала», «Жерұйық Кеген» және т.б. волонтерлік ұйымдары белсенді жұмыс атқарады.
  • «Birgemiz: Saylyq» бағыты аясында науқастар күтіміне көмек көрсету бойынша 99 акция ұйымдастырылды. Дәріханалардың жұмыс кестесі туралы ақпарат беру мақсатындағы «Онлайн дәріхана» акциясында 11- 20 қаңтар күндері 36 жалғызбасты қартқа олардың өздерінің қаражаты есебінен дәрі -дәрмектер жеткізілді.
  • «Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты аясында волонтерлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсету бойынша – 149 акция өтті. Облыс көлемінде «First class» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тәжірибе алу және жетім балалардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, тәлімгерлер пулы қалыптастырылды.
  • «Birgemiz: Taza Alem» бағыты аясында – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету бойынша қызмет – 349 акция өтті.
  • «Birgemiz: Umit» бағыты бойынша жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты бойынша – 589 акция өтті.

Өңірлік фронт-офистердің қызметкерлері волонтерлерді көбірек тарту үшін белсенді үгіт-насихат қызметін жүргізеді. Ауылдық округтерде бұл жұмысты жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар ұйымдастырады.

Это может Вас заинтересовать