Қарабұлақта 60 пәтерлі үй салынады

07.05.19

Общество
Служба новостей

Ескелді ауданының орталығы — Қарабұлақ ауылында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта мердігер «Global Contraction» ЖШС-мен келісім-шарт жасалуда. Барлық рәсімдер аяқталғаннан сон құрлыс жұмыстары басталады.

Жобаның сметалық құны 648 млн теңге, оның ішінде — 406 млн теңге республикалық бюджеттен тұрғын үйдің құрлысына бөлінді. 
Барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Фото: Ескелді ауданының әкімдігі