Зағипа Балиева Жетісу жастарының сауалдарына жауап берді

06.05.19

Общество
Служба новостей
Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиевамен кездесу өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Жастар саясаты жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты жастардың сауалдарына жауап беріп, айтылған пікір-ұсыныстарды ескеретіндігін айтты. Жиын барысында жастар жүзеге асырып жатқан жобалары жайлы сөз қозғап, өз тараптарынан ұсыныстарын да білдірді.

«Мемлекетімізде болашақ буынға зор мүмкіндіктер жасалған. Соның бір дәлелі – заманауи үлгідегі Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты. Осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланып, елге аянбай қызмет ету – сіздердің басты міндеттеріңіз » — деді Зағипа Балиева.

Айта кетейік, шараға қалалық, аудандық Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағалары, Алматы облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» жасағының мүшелері, жас ақындар мен журналистер, белсенді жастар, еріктілер қатысты.
Фото: Жастар саясаты жөніндегі басқарма