Жетісу өңірі сыбайлас жемқорлықсыз мекен деп жарияланды

05.12.18

Общество
Служба новостей

ТАЛДЫҚОРҒАН. Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен «Адал жол — Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонын қорытындылауға арналған салтанатты шарада мәлім болды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

«Осы атқарылған іс-шаралар нәтижесі алдағы уақытта Жер жаннаты Жетісу өңірін — Сыбайлас жемқорлықсыз мекен деп жариялаудың бастамасы болмақ. Яғни, жұмыстың жалғасы ретінде, Агентіктің төрағасы Алик Жатқамбайұлы және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы жақында ғана «Жетісу — адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойып, жыл басынан бастап іске қосылатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға негіз болған Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы», — делінген облыстық департамент хабарламасында.

«Жетісу — адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, цифровизация, білім және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтасыз ету, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс, тұрғын -үй шаруашылығы және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі сияқты негізгі бағыттарды қамтитын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің «Адал жол — Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны 2018 жылдың 6 сәуірінде басталған болатын.

Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті