Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Қапшағай әкімі аппаратының басшысы ауысты

Қапшағай әкімі аппаратының басшысы ауысты

25.06.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей
Жандос Тұрысбеков Қапшағай қаласының әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Жандос Мұхаметқалиұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка кентінде дүниеге келген. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» факультетін, экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірді.
2004 - 2005 жылдары «Тепломонолит» ЖШС-нің заңгері, одан әрі «Альянс Банк» акционерлік қоғамы Семей филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылы «Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2006-2010 жылдары аралығында «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Текелі қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып тағайындалды. 2011 жылы «Текелі қаласының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі лауазымынында жұмысын атқарған.
2011-2016 жылдары «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінде жұмыс істеген. 2016-2019 жылдары «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ретінде қызмет атқарды.
Фото: www.facebook.com/kapshagay.gov/

Это может Вас заинтересовать