Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Жетісулықтар сайлаудың әділ өтуін бақылайды

Жетісулықтар сайлаудың әділ өтуін бақылайды

16.05.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Алматы облысында сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, журналистер үйінің мәжіліс залында  «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы мен  «Аманат» Азаматтық платформасының мүшелері Шыңғыс Лепсібаев, Аким Тұрсынов және аудан, қалалардағы мобилді капитандар қатысты.
Баспасөз мәслихатынан кейін аудан-қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті.
Семинар барысында платформа мүшелері аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді.
Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сондай-ақ, сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықтар мен келеңсіздіктерге жол бермеудің алдын-алу шаралары да түсіндірілді. Барлық қатысушыларға «Бақылаушы блокноты» таратылып берілді.
Ал «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру және алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде баяндап берді. Жиын соңында барлық өңірлеріден жиналған жастар сайлау жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, модератормен пікір алмасты.

Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы

Это может Вас заинтересовать