Войти через

  • 10°C

Пятница, 26 апреля

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып Серік Құсмолдин тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ол осыған дейін ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Серік Әділбекұлы 1984 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Вихрь» ЖШС қауіпсіздік қызметкері болып бастаған. 2007 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының біліктілігі орташа деңгейдегі маманы, 2009 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының басшысы, 2014 жылы «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, 29.06.2017 жылдан бастап осы күнге дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Серік Әділбекұлы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік (бағаны қалыптастыру, туризм, сауда мәселелері бойынша), жер қатынастары, ветеринария бөлімі, аумақтық бақылау және қадағалау инспекциясы, аудандық статистика басқармасына жетекшілік етеді.

Это может Вас заинтересовать