Войти через

  • 12°C

Пятница, 26 апреля

Абайға арналған мүшәйраның облыстық іріктеуі жүргізілуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының ақын-жазушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық мүшәйраға дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта байқаудың облыстық іріктеу кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Іріктеліп алынған үміткер республикаға жолдама алады. Әзірге облыстан 50-ге жуық жас әдебиетшілер қатысуға өтінім берген. Сайысқа 16-29 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар қатысып бақтарын сынай алады Шығармаларды сараптап авторларымен талдау жұмыстарын белгілі ақын Жангелді Немеребаев, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, мүшайраның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеп, ұрпаққа жеткізу.

Жастардың ақындық мәдениетке, өнерге қызығушылығын арттыру, жас жазушылардың ортасын қалыптастыруға ықпал ету.

Это может Вас заинтересовать