Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Аккредиттеу куәлік белгісі тапсырылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырамын»,-деген болатын.

Осы орайда жолдың сапалы болуының бір тетігі – сапалы құрылыс материалдарында екені ақиқат. Жолға төселетін қажетті заттар жол зертханаларынан тексеруден өтіп, мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда ғана пайдаланылса, әрі барлық талаптар сақталып жұмыс атқарылса – жол неге сапалы болмасқа?!

Уақыт ағымына ілесіп жол зертханалары жабдықталуда, әрі, аккредиттеуден өтуі де жүзеге асырылуда. Зертхананың аккредиттеуден өтуі – тұтынушылар мен тапсырыс берушілер алдында зертхана жұмысының сапасы мен құзыреттілігіне деген сенімін қамтамасыз ететін ең негізгі құжат болып табылады.

Жуырда  «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының сынақ зертханасына аккредиттеуден өткені туралы құжат табыс етілді.  Нақтылай түссек, аккредиттеу аттестатында «Қазақстан Республикасы акредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»  ГОСТ ISO / IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес  аккредиттелген» деп жазылған.

Зертханалық аккредиттеудің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету және өлшеу, сынау және зерттеу нәтижелерін өзара тану. Егер зертхана белгілі бір қызмет саласында аккредиттелген болса, бұл оның жұмысының нәтижелері дәл және сенімді болатындығын білдіреді, - дейді зертхана меңгерушісі Айгерім Лекерқызы.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес құжатқа қол жеткізген мекеме алдағы бес жылда аккредиттеу саласына сәйкес өнімдерді сынақтан өткізуде сапалы жұмыс жүргізеді деген сенім мол.

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА,
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК
Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Это может Вас заинтересовать