Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Алакөл ауданында Абай күні аталып өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы композитор Абай Құнанбайұлының күнін атап өту мақсатында Алакөл ауданында Абай орта мектебінің алдына орнатылған Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Ауданда өткен шараға Үшарал қаласының әкімі М.Сайдильдинов пен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысып, ақын рухына тағзым етілді.

Сондай-ақ, ауданда бұдан бөлек Абай күніне орай онлайн мәдени шаралар да өткізілуде.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" бағдарламасы және Ұлы Абайдың 175 жылдығы және 10 тамыз - Абай күніне орай "Мәңгілік елдің Ұлы Абайы" тақырыбында Zoom мобильды қосымшасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.

Аталған шарада "Рухтың биігі - Абай" тақырыбында қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы К. Бектемисова, "Ляйсан татар-мәдени орталығы" ҚБ жетекшісі И. Абдухаликова, "Рухани жаңғыру аясында атқарылған іс-шаралар" тақырыбында Тіл оқыту әдістемелік орталығының әдіскер меңгерушісі А. Дарханбаева, "Рухани жаңғыру - халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар" атты тақырыбында қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі К. Абдрахманова, "Ұлы даланың Ұлы Абайы" тақырыбында аудандық кітапхана директорының орынбасары Ж. Омарова, Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә. Ермұханов пен Жайпақ ауылының тұрғыны Н. Сериковалар баяндама оқып, рухани жаңғырумен байланыстыра отырып, Абай Құнанбайұлының өмірінен сыр шертті. Бүгінгі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Сүлейменовтың төрағалығымен өткен кездесуге Қайнар және Жайпақ ауылдық округтерінің тұрғындары, жастары мен ұстаздары қатысты.

Это может Вас заинтересовать