Войти через

  • 10°C

Пятница, 26 апреля

Алакөл ауданында медицина мамандарын құттықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Сан алуан кәсіптің ішіндегі ең жауапты әрі ең қастерлі мамандық иелері – дәрігерлер екені сөзсіз. Медицина мамандарының еңбегі еленуге тұрарлық және үлкен жауапкершілік пен жанкештілікті талап етеді. Одан өзге, бір де бір мамандыққа адам өмірі мұншалықты тәуелді емес. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа – тұс келген мерейлі мереке қарсаңында, карантин ережелерін сақтай отырып әрбір науқастың жан қиналысын өз бойларынан өткізіп жүрген медицина саласының қызметкерлеріне аудан әкімі А.Абдинов салтанатты қабылдау өткізді.
- «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға шипа сыйлайтын дәрігерлер құрмет тұтуға лайықты жандар. Олардың тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, тынымсыз кешетін тірлігін жанкештілік деп бағалау керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде дәрігерлердің мәртебесін көтеріп, мәселелерін шешу керектігін атап өткен болатын. Бұл мемлекеттің ел медицинасына көрсетер қолдауы зор екенін білдіреді. Өз кезегінде денсаулық сақтау мамандары да азаматтарға сауатты, сапалы қызмет көрсету керек екенін ұмытпаған жөн,-деді аудан әкімі А.Абдинов.

Салтанатты шарада еңбегімен дараланған 22 ақ желеңді абзал жандарды құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттап, аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Әр науқастың жанына дауа болып, саулығын нығайтып, адам бойына өмірлік күш – қуат беріп, жігерін жандаратын – ақ халатты абзал жандардың еңбегі әр уақытта елеулі.
Мерекелеріңізбен абзал жандар!

Это может Вас заинтересовать