Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Алакөлдіктерге жолдау, медиация, тіл саясаты, медиация, дін саласының жайы түсіндірілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тапсырысы бойынша «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 27-28 шілде күндері Үшарал қаласында тұрғындармен түрлі форматтағы іс-шаралар өтті, tinfo.kz хабарлайды

МЕДИАЦИЯ

Іс-шара барысында облыс орталығынан келген «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Ауданбаев Даулет Бірлікұлы, Халықаралық медиация институтының медиаторы, Жетісу облыстық прокуратурасы жанындағы медиация орталығының медиаторы Жомарт Қасымқанұлы Ибраимов, «Медиация бітімгерлік қызмет», «Медиация азаматтық қоғамның жаңа сатысы тақырыптары жайында үшаралдықтарға бітімгерлік саласындағы негізгі бағыттары жайлы түсіндіріп өтіп, сауаладарына жауап берді.

Спикер Жомарт Ибраимов өз сөзінде «Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған еді. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.Медиация туралы заңның қабылданғанына биыл 11 жыл толып отыр» - деп атап өтіп, осы саланың ел үшін қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.

ТІЛ

Сонымен қатар, Алматы облысы «Тіл» оқу әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл курсының оқытушысы Жанар Әлмұхамбетқызы Елесбаеваның қатысуымен «Тіл – тұтас ұлттың басты мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел, «ҚР-да тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Заңдары аясында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Тіл маманы Жанар Елесбаева аталған саладағы негізгі мақсаттарына тоқталып өтіп, өз сөзінде «Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады. Дербес еліміздің тарих тамыры тереңге бойлаған, қасиет оты еш сөнбес ұлттық тілі әр қазақ патриотының жүрегінде сөйлеп тұруы қажет» - деп атап өтті.

Сонымен қатар Көлбай, Қабанбай Тоқжайлау ауылдық округтерінде «Аманат» партиясының Жетісу облысы бойынша бастауыш партия ұйым төрағасы, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Аманжолұлы Ғазиз, теолог маман, облыстық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Ережеп Жардыбайұлы сонымен қатар Алакөл ауданы Фатиха мешітінің найб имамы, теолог Саят Танысбаев бірқатар тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын өз назарларына алды.

Оның ішінде спикерлер «Қасіретті қаңтар» және «Бір шаңырақ астында»», «Жолдау-дамудың даңғыл жолы» және «Дін мен қоғам» атты тақырыптары жайында алакөлдіктерге аталған сала жайлы баяндап өтіп, қазіргі таңда іске асыру барысын жеткізді.

«Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі

Это может Вас заинтересовать