Войти через

  • 8°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облыстық мәслихатының көшпелі тұрақты комиссиясы

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Талғар аудандық «Аманат» партиясының филиалында облыстық мәслихаттың «Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет, дін, тілдер, этносаралық қатынастар, ішкі саясат мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының отырысы өтті, tinfo.kz хабарлайды

Тұрақты комиссияға аталған комиссия төрағасы Болатжан Нұрбеков және Алматы облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Серік Нұрқадырұлы, облыстық мәслихат депутаттары, аудандардың мәслихат хатшылары, облыстық білім басқармасы мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай аудандары әкімдігінің де азаматтары қатысты.

Көшпелі комиссиядағы күн тәртібінде білім беру ұйымдарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және «Алматы облысындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсолармен» байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу мәселелері қаралды.

Басқосуда Алматы облысының білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханашілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Индира Кунбасова және Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерғалым Керімбековтер аталған мәселелер бойынша баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Это может Вас заинтересовать