Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында 15 адам коронавирус жұқтырды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында 15 адамның коронавирус жұқтырған дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, вирус жұқтырғандардың бес жағдайы Талдықорған және бес жағдайы Қапшағай қалаларында орын алса, бір жағдайдан Ақсу, Талғар, Қарасай, Панфилов және Ескелді аудандарында тіркелген.

«Барлық 15 науқастың ауру белгілері белсенді түрде анықталды, 1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған азаматтардың вирус жұқтырғаны профилактикалық тексерілуден өту барысында анықталса, 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 ж.т. 6 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған», - делінген хабарламада.

Барлық науқастар оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 376 адамға жетті.

Фото: pixabay.com

Это может Вас заинтересовать