Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында 64 жастағы тұрғынды өз үйінде өлтіріп кеткен

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында 64 жастағы тұрғынның өліміне қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Оқиға Алматы облысы Кербұлақ ауданында кешкі сағат 22.00 шамасында орын алған. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік инспектордан зорлықпен өлтірілген 64 жастағы тұрғынның мәйіті Көксай ауылында табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Ер адамды өз үйінде өлтіріп кеткен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы үйдегі жағдайға байланысты оқиға орын алмас бұрын үйде спирттік ішімдік пайдаланылған бас қосу орын алғандығын анықтады.

“Куәгерлердің көмегімен күдіктінің белгілері бойынша сөздік портрет жасалып, бір тәулік ішінде көрші ауылдың 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат ұсынылған дәлелдемелерден кейін кісі өлтіргенін толық мойындады”, - делінген обылстық ПД хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать