Войти через

  • 4°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында депутаттар туризмнің дамуын талқылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

22 маусым күні облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері, индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Депутаттар күн тәртібінде Алматы облысының туризм инфрақұрылымының дамуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және осыған дейін қабылданған міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы, Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу, Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, облыстық әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту мәселелерін қарады.

Күн тәртібіндегі әрбір сұрақ бойынша басқарма басшыларының өзінің есебін беріп, депутаттардың сұрақтарына жауабын берді. Халық қалаулылары туризм саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, облыстық туризмді дамыту басқармасының басшысы Жанар Алчимбаевдан жауаптарын алды. Басқарма басшысы өз сөзінде «Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алакөл көлінің жағалауын дамытудың Мастер-жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс әкімінің өкімімен өңірлік Жобалық кеңсе құрылып, Жол картасы бекітілді.  2020-2021 жылдары мемлекеттік бюджеттен жол және инженерлік инфрақұрылым құрылысына 18 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді» деп ақпарат беріп өтті.

Сонымен қатар Жанар Ғалифудақызы өз сөзінде «Жазғы маусымда Алакөл көлінің бағытында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей қалаларынан 8 темір жол рейстері қатынайды. Аталған рейстердің сыйымдылығы тәулігіне 2360 орынды құрайды. Бұл бағыттарға сұраныс көбейген жағдайда тәуліктік сыйымдылықты 3500 орынға дейін арттыруға мүмкіндік бар.Көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған», «Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан» және «Алматы-Үшарал-Алматы» бағыттары бойынша субсидияланатын авиарейстер жүзеге асырылады. Бұған қоса, «Жетіген-Достық-Жетіген» бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар ауданаралық теміржол бағыты субсидияланады. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 2021 жылы 930 млн.теңге бөлінді» - деп халық қалаулыларының көтерген сұрақтарына өз жауабын берді.

Комиссия мүшеелрі барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешім қабылдап, сессия қарауына жіберілетін мәселелер бойынша шешім жобаларына дауыс берді.

Это может Вас заинтересовать